Халықаралық балаларды қорғау күнінде Солтүстік Қазақстан облысының АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының мамандары кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында жасөспірімдерге арналған танымдық іс-шара өткізді.
Ойын түрінде балалар вирустар әлемімен танысып, тақырыптық ойындарға қатысып, өз денсаулығына қалай қамқорлық жасау керектігін білді. АИТВ-инфекциясы туралы ертегі балалардың ерекше қызығушылығын тудырды, содан кейін мамандар АИТВ алдын алу жолдары туралы егжей-тегжейлі және қолжетімді айттып өтті.
Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар вирустардан қорғау тақырыбында суреттер дайындап, денсаулықты сақтауға және иммунитетті нығайтуға көмектесетін ережелерді өз бетінше әзірледі.
Кездесу соңында барлық балалар тәтті сыйлықтар алды. Іс-шара жылы және достық атмосферада өтті, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлап қана қоймай, пайдалы білім берді.
Біз әрқашан балаларға денсаулық туралы түсінікті және қол жетімді тілде айтуға тырысамыз. Ойындар, ертегілер және шығармашылық тапсырмалар арқылы балалар ақпаратты жақсы меңгереді және өз денсаулығына ұқыпты қарауды үйренеді. Мұндай іс — шаралар жас кезінен бастап пайдалы әдеттерді қалыптастыруға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге көмектеседі,-деп атап өтті СҚО АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының маманы Оксана Симухина.







