Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде «Ерте жүктілік, қыздардың репродуктивті денсаулығы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар және АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында оқушылармен кездесу өтті.
Іс-шараны Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Спикерлер рөлінде: жастар денсаулық орталығының гинеколог-дәрігері Нұрлыайна Тілеуқұл, ерте жүктілік қаупі және репродуктивті денсаулыққа қамқорлық жасау маңыздылығы туралы айтып берді; облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының эпидемиолог- дәрігері Раушан Есеркенова АИТВ-ның қалай берілетінін және өзін инфекциядан қалай қорғау керектігін түсіндірді.
Мұндай кездесулер жастарға өмірде саналы шешім қабылдауға және салауатты болашаққа қамқорлық жасауға көмектеседі.
Жақын арада осындай іс-шаралар қаланың басқа колледждерінде де өтеді.