30 шілдеде АИТВ инфекциясының алдын алу қызметінің 2024 жылдың
І жартыжылдығындағы қорытындысы бойынша Медициналық кеңес өтті.
Отырыс Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының БМСК ұйымдарының жұмысы жөніндегі орынбасары Еркебұлан Сағитдинұлы Баязитовтың қатысуымен өтті.
Отырысқа директорлардың орынбасарлары және облыстың медициналық ұйымдарында АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға жауапты тұлғалар қатысты.
Жалпы жұмыс мониторингін көрсететін баяндамалармен бөлім меңгерушілері А.Т. Момунова, Қ.К. Акинова, Р.С. Адиятов сөз сөйледі.
Медициналық кеңесте проблемалық мәселелер талқыланып, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына міндеттер қойылды.
Жаңалықтар
2024 жылдың І жартыжылдығындағы қызмет қорытындысы бойынша Медициналық кеңес
Қаралды: 257