АИТВ профилактикасы жөніндегі облыстық орталықта ынтымақтастық туралы меморандум аясында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске СҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі К. М. Мусин, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны З. С. Попова және СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының ІІО аға жедел уәкілі, полиция майоры Е. Т. Серғалиев қатысты.
Кездесу барысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат ұсынылды, АИТВ профилактикасы жөніндегі орталығы мен СҚО полиция департаменті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде бірлескен жұмыстың аралық қорытындылары шығарылды және өзара іс-қимылдың одан әрі бағыттары талқыланды. Жастар арасында АИТВ-инфекциясы мен нашақорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша Тараптар АИТВ-инфекциясының алдын алу саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін растады.







