"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

Медицина қызметкерлерінің клиникалық сақтығы туралы

Previous Next

Бүгін облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі  орталығының маманы Петропавл қаласының №2 қалалық емханасында өткен  лездеме кеңеске шықты.

Эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Наталья Гордымова талқылау үшін бірқатар мәселелерді, соның ішінде АИТВ-инфекциясына тексерілу көрсеткіштерін анықтау кезінде медицина қызметкерлерінің клиникалық қырағылығын арттыруды, жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін тексеруді, Нормативтік-құқықтық актілерге баса назар аудара отырып, балалар мен жасөспірімдерді тестілеуді көтерді.

Осы бағыттағы БМСК-мен (бастапқы медициналық-санитариялық көмек) жұмыс СҚО бойынша денсаулық сақтау басқармасының және облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі  орталығының бірлескен жоспарына сәйкес өңір халқы арасында АИТВ ерте анықтауға бағытталған.

Записаться на прием