Ағымдағы жылдың 23 қазанында Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығында жедел-тестілеу (бұдан әрі - ЖТ) жүргізу бойынша тренинг өтті.
Эпидемиологиялық бөлімнің, сондай-ақ емдеу-алдын алу жұмысы және диспансерлеу бөлімінің медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс орнындағы оқытуды зертхана меңгерушісі Ю.Ю. Дигтяр мен Орталықтың зертханашы-дәрігері Р.С. Адиятов жүргізді.
Тренинг барысында қатысушылар жедел-тестілеуді жүргізудің негізгі кезеңдерімен, ем-шараны орындау ерекшеліктерімен және нәтижелердің сапасы мен шынайылығына қойылатын талаптардың сақталуымен танысты.
Мұндай оқыту іс-шараларын өткізу медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, практикалық дағдыларын жетілдіруге және АИТВ-инфекциясының алдын алу саласындағы медициналық көмек көрсету сапасын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.







