2026 жылғы 3 қарашада Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталықта Солтүстік Қазақстан облысының бастапқы медициналық-санитарлық көмек медициналық ұйымдарының мамандарына арналған семинар өтті.
Іс-шара өңір тұрғындары арасында АИТВ-инфекциясын ерте анықтау тиімділігін арттыру мәселелеріне арналды.
Семинар барысында қатысушылар профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруды, клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға тестілеуді өткізуді, сондай-ақ халықты тексеру тиімділігінің ай сайынғы мониторингі мәселелерін талқылады.
АИТВ-инфекциясын уақтылы анықтауға және осы бағытта медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылын жетілдіруге ерекше назар аударылды.







