"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

АИТВ инфекциясын уақтылы диагностикалау туралы

Previous Next

Ағымдағы аптада АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталықтың маманы жоспарлы кеңестер аясында кездесулер өткізуді жалғастырды. Петропавл қаласындағы «MedicaLine» ЖШС мен «Денсаулық» ЖММ-ге шығулар өтті.

Іс-шаралар барысында эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Наталья Гордымова медицина қызметкерлерімен АИТВ-инфекциясының алдын алу және ерте анықтау бойынша шараларды жетілдіруге бағытталған бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Медициналық қызметкерлердің АИТВ-инфекциясына тексеру көрсеткішін анықтау кезінде клиникалық қырағылығын арттыруға, жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін тексеру мәселелеріне, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын түсіндіре отырып, балалар мен жасөспірімдерді тестілеуге ерекше назар аударылды.

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен жүргізілетін бұл жұмыс Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау департаменті мен АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталықтың бірлескен жоспарына сәйкес жүзеге асырылады және өңір тұрғындары арасында АИТВ-ны ерте анықтауға бағытталған.

Записаться на прием