"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша облыстық семинар

Previous Next

2026 жылғы 30-маусымда облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталығының базасында АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға жауапты Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдарының мамандары үшін семинар өтті.

Іс-шара барысында АИТВ-инфекциясының алдын алудың өзекті мәселелері қаралды: АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қағидалары; ТМККК шеңберінде АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша ерікті анонимді және (немесе) құпия медициналық тексеру және консультация беру қағидалары; МҰ-да жағдайларды кеш анықтау; АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды динамикалық бақылау мәселелері; вирустық С гепатитін емдеу және басқалар.

Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі Н.Н. Гордымова, зертхана меңгерушісі Ю.Ю. Дигтяр және емдеу-алдын алу бөлімі меңгерушісінің м. а. Қ.К. Акинова баяндама жасады.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өңірде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жұмысты одан әрі жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылады.

Записаться на прием