2025 жылғы 21 тамызда ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде Облыстың медициналық ұйымдарында АИТВ-ның алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға жауапты тұлғалар, сондай-ақ акушер-гинекологтар үшін семинар өткізілді. Семинарда АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталықтың эпидемиологиялық бөлімі меңгерушісінің м.а. А.Момунова эпидемиологиялық жағдай туралы және АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексерудің ережелері туралы; емдеу-алдын алу жұмысы және диспансерлеу бөлімі меңгерушісінің м.а. Қ.Акинова АИТВ-инфекциясының клиникалық жіктелуі бойынша ақпаратты жариялады; эпидемиолог-дәрігер Д.Жүсіпова АББЖ мәселелері бойынша, оның ішінде жүкті әйелдердің жыныстық серіктестерін тексеру бойынша; зертхана меңгерушісі Ю.Дигтяр мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ТМККК шеңберінде АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша ерікті анонимді және (немесе) құпия медициналық тексеру және консультация беру қағидалары туралы тақырыпта баяндама жасады. Семинар соңында іс-шара тақырыбына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.









