"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

Танымдық кездесу: оқушыларға-АИТВ туралы

Previous Next

Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының мамандары  Петропавл қаласының Жастар орталығымен бірлесіп Петропавл қаласының №24 орта мектебінде және "Достық" жасөспірімдер клубында жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Мектепте кездесу дәріс форматында өтті. Оқушыларға АИТВ жұқтырудың негізгі жолдары, алдын алу шаралары және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы айтылды.

"Достық" жасөспірімдер клубында сабақ интерактивті түрде өтті. Балалар ойын тапсырмаларына қатысып, АИТВ туралы кең таралған мифтерді талқылап, алған білімдерін викторина форматында бекітті.

Жасөспірімдер талқылауға белсенді қатысып, денсаулықты сақтау тақырыбына қызығушылық танытты. Ең белсенді балалар шағын сыйлықтар алды.

АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша мектептермен және жасөспірімдер клубтарымен жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және жалғастырылатын болады.

Записаться на прием