03 мамыр күні Ғабит Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында «Жастар арасындағы құқық бұзушылық және қылмыс: себептері мен жауапкершілігі. АИТВ-инфекциясының алдын алу» Петропавл колледждерінің оқушыларымен профилактикалық кездесу өтті. Оған Солтүстік Қазақстан облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының қызметкерлері қатысты.
СҚО ПД ҮБП жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Зарина Попова студенттерге есірткіні қолдану мен таратудың салдары туралы айтып берді. Ол атап өткендей, бұл көбінесе курьер, кепілгер, ораушы және граффитчиктің жұмысын ұсына отырып, есірткі сату саласына тартылатын жастар, ал одан шығудың бір ғана жолы — бас бостандығынан айыру орындары.
АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталығының маманы Оксана Симухина есірткіні қолдану АИТВ жұқтыру қаупін арттыратынын еске салды. «Бұл парентеральды жол арқылы да (қан арқылы) да, жыныстық жолмен де болуы мүмкін. Есірткіні қолдану арқылы адам бақылауды жоғалтады және кездейсоқ жыныстық қатынас арқылы АИТВ жұқтыруы мүмкін. Көптеген басқа инфекциялар бірдей жолмен беріледі: В және С гепатиттері, мерез, гонорея және басқалар, — деді Оксана Симухина. – Біздің облыста АИТВ жұқтырған екі мыңнан астам адам тіркелген. Қазір жыныстық жолмен берілетін жол басым».
Сондай-ақ, іс-шараға Петропавл ҚП ПБББ аға инспекторы полиция капитаны Динара Мұқанова және жастар ресурстық орталығының психологы Дина Баймақышева қатысты.
Дәрісті қаланың 50-ден астам колледж студенттері тыңдады.
Кездесу қатысушыларына АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.