Оқу жылының басынан бері Петропавлда 1500-ден астам оқушы профилактикалық жұмыстармен қамтылды.
Солтүстік Қазақстан Облысының АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының мамандары Петропавл қаласының білім беру ұйымдарының оқушылары арасында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.
2026–2027 оқу жылының бірінші тоқсанында алдын алу іс-шаралары облыс орталығының 22 мектебінде өтті. Жалпы қамтылған оқушылар саны бір жарым мыңнан асты.
Кездесу барысында мамандар оқушыларға АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы айтып берді. АИТВ туралы мифтерді жоққа шығаруға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділікті қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Орта буын оқушылары үшін профилактикалық сабақтар ойын түрінде өткізілді, бұл ақпарат беруді қол жетімді әрі қызықты етуге мүмкіндік берді.
«Білім беру ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас жасау жасөспірімдер арасында жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Оқушылардың АИТВ-инфекциясы туралы сенімді ақпаратты тікелей мамандардан алуы және оларды қызықтыратын сұрақтар қоюы маңызды», - деп атап өтті Оксана Симухина.
Петропавл білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыс оқу жылы бойы жалғасатын болады.







