"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

Жастармен жұмыс істеудің маңызды бағыты - АИТВ-инфекциясының алдын алу.

Previous Next

АИТВ-инфекциясының профилактикасы жөніндегі өңірлік орталықтың эпидемиологиялық бөлімінің қоғамдық денсаулық сақтау маманы Дана Жүсіпова колледж студенттері арасында «АИТВ инфекциясының  алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесулер барысында АИТВ-инфекциясын берудің негізгі жолдары, алдын алу шаралары, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы, сондай-ақ жастар арасында қауіпті мінез-құлықтың алдын алу мәселелері қаралды. Студенттерге ерте тексерудің маңыздылығы және АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша хабардарлық деңгейін арттыру қажеттілігі туралы өзекті ақпарат ұсынылды.

Іс-шаралар: М.Жұмабаев ат. Жоғары гуманитарлық колледжінде;                         Е.Даутов ат. қызмет көрсету саласы колледжінде;  гуманитарлық-техникалық колледжінде; Б.Әшімов ат.  Петропавл машина жасау және көлік колледжінде   өтті.

Профилактикалық жұмыстармен барлығы 398 студент қамтылды.

Мұндай кездесулерді өткізу жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Жастар арасында осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және Орталық мамандарының тұрақты бақылауында.

Записаться на прием