"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

АИТВ алдын алу саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс кеңесі

АИТВ алдын алу саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс кеңесі

2026 жылғы 27 сәуірде Петропавлда СҚО әкімдігінің білім басқармасы өкілдерінің және облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының мамандарының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Кездесу барысында мектеп, колледж және ЖОО оқушылары арасында АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алғашқы профилактикасы мәселелері талқыланды. Педагогтар мен ата-аналардың қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және АИТВ тақырыбы бойынша оқушылардың білім деңгейіне мониторинг жүргізуге ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша 2026-2027 оқу жылы ішінде оқушылар                      мен студенттерге арналған тақырыптық іс-шараларды, педагогтар мен ата-аналар жиналыстарына арналған ақпараттық сағаттарды өткізуді қоса алғанда, профилактикалық жұмысты күшейту жөніндегі шаралар айқындалды.

Записаться на прием