2026 жылғы 22 мамырда Петропавлда «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы А.С. Жармұханованың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының, АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының және өңірдің медициналық ұйымдарының жұмыс кеңесі өтті.
АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі өңірлік орталықтың директоры М.Ш. Байғұлов жұмыс кеңесін өткізді.
Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды: 2025 жылғы қорынтынды бойынша Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдарында АИТВ-инфекциясын кеш анықталуы; жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін АИТВ-инфекциясына тексерумен қамту; АИТВ-инфекциясына зертханалық зерттеулердің аналитикалық кезеңінің бұзылуы.
Бұл іс-шара АИТВ-инфекциясын ерте анықтау тиімділігін арттыру мақсатын көздейді.







