"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

АИТВ туралы әңгіме: Петропавлдағы бизнеске арналған дөңгелек үстел

Previous Next

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалында директордың орынбасары Ж.А. Қазиев АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында бизнес-құрылымдардың басшыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шара аясында қатысушыларға АИТВ және алдын алу шаралары туралы өзекті ақпарат ұсынылды. «АИТВ-инфекциясы. АИТВ-инфекциясын емдеудің заманауи тәсілдері» тақырыбында Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының емдеу-алдын алу жұмысы және диспансерлеу бөлімінің меңгерушісі К.К. Акинова сөз сөйледі.

Орталық маманы О.С. Симухина кәсіпорын қызметкерлері арасында профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерін атап өтті,                         сондай-ақ АИТВ-инфекциясы мен ЖЖБИ инфекциясының алдын алу жолдары туралы айтты.

Сондай-ақ, іс-шараға Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі М.И. Балацкая және Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Д. Б.Әбдин қатысты.

Кездесу барысында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Қамту шамамен 60 адамды құрады.

Записаться на прием