Ағымдағы жылдың 30 шілдеде Петропавлда АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының мамандары Психикалық денсаулық орталығымен бірлесіп ұйымдастырған жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында 2026 жылдың І жартыжылдығында инъекциялық есірткі қолданатын адамдар (ИЕҚА) арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл қорытындысы шығарылды, сондай-ақ одан әрі бірлескен жұмыстың басым бағыттары айқындалды.
Қатысушылар профилактикалық қызмет көрсету процесінде туындайтын өзекті проблемалық мәселелерді талқылап, оларды шешу тәсілдерін келісті.
Кеңес қорытындысы бойынша АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысатын ұйымдардың әрқайсысы үшін нақты тапсырмалар мен міндеттер бекітілген шешім қабылданды.







