"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

КӨП ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕГІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТАМЫЗ

Previous Next

Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталық мекеменің  ардагерлерін — көп жылдар бойы Орталықта жұмыс істеуге арнаған, ал бүгін лайықты демалыста жүрген жандарды, сондай-ақ халықтың денсаулығын сақтауға өз үлестерін қосып, еңбек етуді жалғастырып жатқан қызметкерлерді құттықтады.

Орталық директоры Мамадияр Байғұлов ардагерлерді жеке құттықтап, кәсіподақ ұйымының атынан сыйлықтар табыстап, көп жылғы адал еңбегі, кәсібилігі және қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

 

Әріптестеріңізбен бөліскен адалдығыңыз, кәсібилігіңіз, тәжірибеңіз және біліміңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздерге зор денсаулық, амандық, жақындарыңыздың жылуы мен ықыласын тілейміз!

Записаться на прием