"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

С.М. Киров ат. зауыт ұжымымен профилактикалық кездесу.

 Петропавлда С.М. Киров атындағы зауытта есірткі тұтынудың және АИТВ алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті. Кәсіпорын қызметкерлері үшін кездесуді облыстық АИТВ-инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығы мен СҚО полиция департаменті ұйымдастырды. Қатысушылар алдында СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Зарина Попова сөз сөйледі. Ол есірткінің зияны және олардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айттып өтті. Спикер бұл ақпаратты білу тек ересектердің өзі ғана емес, сонымен бірге балаларын қиындықтан қорғау үшін де маңызды екенін атап өтті. Білімді ата-аналар қауіпті сигналдарды уақытында танып, баланы кеш болмай тұрып қолдай алады. Содан кейін бұл сөз АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының маманы Оксана Симухинаға берілді. Ол есірткіні, соның ішінде инъекциялық және психоактивті заттарды қолдану АИТВ жұқтыру қаупін арттыратынын еске салып, инфекциядан сақтануға көмектесетін шаралар туралы айтты. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар АИТВ тақырыбында ақпараттық-білім беру брошюраларын алды. «Біз жыл бойы қала кәсіпорындарында осындай іс-шараларды тұрақты өткіземіз. Мұндай кездесулерді еңбек ұжымдарында өткізу өте маңызды. Бұл ақпаратты қызметкерлердің өздеріне ғана емес, олар арқылы — отбасылары мен жақындарына да жеткізуге мүмкіндік береді. Биыл орталық қала кәсіпорындарында осындай 73 кездесу өткізді», - деп атап өтті Оксана Симухина. Еңбек ұжымдарымен профилактикалық жұмыс жалғасатын болады.

1

2

Записаться на прием