"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Previous Next

АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығы директорының м.а. Мамадияр Шайзадаұлы Байғұлов ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтап, баршаңызға амандық, зор денсаулық және табыс тіледі.

Іс-шара аясында қызметкерлердің еңбегі атап өтілді. СҚО бойынша денсаулық сақтау басқармасынан құрмет грамоталары табысталды. Біз құттықтауларға қосыламыз және оларға сәттілік тілейміз!

Мереке құрметіне орталықта да жылы әрі жарқын мерекелік бағдарлама өтті. Әндер, өлеңдер мен құттықтаулар айтылды.

Сондай-ақ , ұлттық салт-дәстүріміз бойынша шашу, «Дорба» тарату,  ұжым дайындаған түрлі тағамдармен безендірілген мерекелік дастархан жайылды.Баршаңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Әр үйде бейбітшілік, қуаныш пен амандық орнасын, ал көктем жаңа үміттер мен оң өзгерістер әкеледі.

Записаться на прием