Бүгін Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөнінедегі орталығының директоры Мамадияр Шайзадаұлы Байғұлов ұжыммен мейірбике Любовь Дмитриевна Головченконы зейнеткерлік жасқа толуымен құттықтады.
Любовь Дмитриевна 1983 жылы Петропавл медициналық училищесін мейірбике мамандығы бойынша бітірді. 2011 жылдың 01 сәуірінен бастап Солтүстік Қазақстан облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығында емдеу-профилактикалық жұмысы және диспансерлеу бөлімінің мейірбикесі лауазымында жұмыс істейді. Жұмыс барысында ол өзін білікті маман ретінде көрсетті, жақсы теориялық және практикалық дайындыққа ие, өз міндеттеріне адал және сауатты қарайды. Көп жылғы мінсіз еңбегі, кәсібилігі және медициналық іске адалдығы үшін Облыс әкімінің және СҚО Денсаулық сақтау басқармасының алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталды.
Құрметті Любовь Дмитриевна, Сізді құрметті зейнеткерлік жасқа жетуіңізбен құттықтаймыз! Сіз біздің командада қалғаныңызға шын жүректен қуаныштымыз. Сіздің даналығыңыз бен тәжірибеңіз-біздің ұжымның негізі. Сізге зор денсаулық, сарқылмас қуат, жаңа жобаларды іске асыру және әр жұмыс күнінен ләззат тілейміз!







