Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығы мен Жастар ресурстық орталығының бірлескен іс-шарасы Петропавлдың екінші орта мектебінде өтті.
ЖИТС-пен күрес жөніндегі Дүниежүзілік науқан аясында оқушылар үшін ойын-сабақ ұйымдастырылды, онда балалар АИТВ берілу жолдары және өздерін АИТВ-инфекциясы мен ЖЖБИ қалай қорғау керектігі туралы ойын түрінде білді. Оқушылар тақырыптық бейнені де тамашалады.
Салауатты өмір салты тақырыбын ЖРО мамандары жалғастырды, сонымен қатар олар балаларға волонтерлікке қатысу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Іс-шараға 35 адам қатысты.










