23 шілдеде АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталықта Көп бейінді облыстық аурухананың орта медицина қызметкерлерінің қатысуымен эпидемиологиялық бөлімнің және емдеу-алдын алу жұмысы және диспансерлеу бөлімінің мамандары үшін экспресс-тестілеу (бұдан әрі - ЭТ) мәселесі бойынша семинар-тренинг өтті.
Орталық зертханасының сапа жөніндегі менеджері Д.Қ. Күлетаева іс-шара барысында биоматериалды алу ережелері, IV буынды ЭТ-ні пайдалана отырып, АИТВ-инфекциясына тестілеу және нәтижелерді түсіндіру, сондай-ақ провирустық ДНҚ-ға «құрғақ қан тамшысын» алу ережелері бойынша түсіндірмелер жүргізді.
Мейірбике Н.А. Целых ЭТ іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын нақты көрсетті.