Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 99275 әскери бөлімінде (аумақтық қорғаныс бригадасы) облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының мамандары ұйымдастырған АИТВ тақырыбында кездесу өтті. Кездесу Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу науқаны аясында өтті.
Орталық маманы Оксана Симухина әскери қызметшілерге тақырыптың негізгі аспектілері: АИТВ жұқтыру жолдары, алдын алу шаралары, сондай-ақ уақтылы тестілеудің маңыздылығы туралы айтып берді. Ол АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталықта АИТВ-ға талдауды құпия және тегін тапсыруға болатынын еске салды.
Кездесуге қатысушылар тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, алынған ақпаратты талқылауға белсенді қатысты. Дәрісті 60-тан астам адам тыңдады.







