Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығы Петропавл қ. Жастар ресурстық орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бүгін біздің орталықтың маманы Оксана Симухина қазылар алқасының мүшесі ретінде ЖРО ұйымдастырған викторинаға қатысты.
Петропавл қ. ЖРО ұлттық валюта теңге мен қаржыгер күніне арналған блиц-викторина өткізді. Қаржы саласындағы білімдерде өзара төрт банктің өкілдері бақ сынасты: ForteBank, "Қазақстан Халық Банкі", "Банк ЦентрКредит" және "Отбасы Банкі". Біздің орталықтың маманы Оксана Симухина қазылар алқасының мүшесі ретінде викторинаға қатысты.
Командалық жарыс аяқталғаннан кейін АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының маманы қатысушыларға АИТВ проблемасы және инфекцияның алдын алу жолдары туралы айтып берді. Кездесу қатысушыларына тақырып қызықты болды, спикерге бірнеше сұрақтар қойылды.
Іс-шараға банктердің 16 қызметкері қатысты.
Жаңалықтар
Банк қызметкерлеріне АИТВ қалай қорғану керектігі айтылды
Қаралды: 11