Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының ұжымы директор М.Ш. Байғұловтың басшылығымен сенбілікке қатысты. Қызметкерлер Орталықтың іргелес аумағына тәртіп орнатты.
Мұндай іс-шаралар тазалықты сақтауға көмектеседі және қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын еске салады. Жалпы күш-жігермен орталықтың аумағы таза әрі жайлы болды.







