"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

Денсаулық сақтау қызметкерлері арасындағы спартакида

Денсаулық сақтау қызметкерлері арасындағы спартакида

Солтүстік Қазақстан облысының АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталығының мамандары Медицина қызметкерлері күніне арналған денсаулық сақтау қызметкерлері арасындағы дәстүрлі спартакиадаға қатысты. Команданы орталық директоры Мамадияр Шайзадаұлы Байғұлов басқарды.

Спорттық іс-шара «Жастар» стадионында өтіп, өңірдің медициналық ұйымдарының өкілдерін біріктірді. Қатысушылар жеңіл атлетика, күш жаттығулары, дартс және арқан тарту бойынша жарысты.

Спартакиада денсаулықты нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық рухты дамытуға және еңбек ұжымдарының бірлігін арттыруға бағытталды.

Мұндай іс-шараларға қатысу медицина қызметкерлерінің дене даярлығын нығайтып қана қоймай, кәсіби қоғамдастықта өзара қолдау, бірлік пен жағымды көңіл-күй ахуалын қалыптастыруға ықпал етеді.

Записаться на прием