Бүгін облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндені орталығының мамандары жоспарлы кеңестер аясында кездесулер өткізді. Раушан Есеркенова мен Дана Жүсіпова "№1 қалалық емхана" ШЖҚ КМК және Петропавл қаласының "ПриИшимье и К" ЖШС-не шықты.
Орталықтың эпидемиологиялық бөлімінің мамандары АИТВ инфекциясының алдын алу және ерте анықтау жөніндегі шараларды жетілдіруге бағытталған өзекті мәселелер туралы баяндады. АИТВ-инфекциясына тексеруге көрсеткіштерді анықтау, жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін тексеру, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын түсіндіре отырып, балалар мен жасөспірімдерді тестілеу кезінде медицина қызметкерлерінің клиникалық қырағылығын арттыруға ерекше назар аударылады.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен жұмыс Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының және областық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының бірлескен жоспары шеңберінде өңір тұрғындары арасында АИТВ ерте анықтау мақсатында жүргізіледі.







