10 қарашада И. Даутов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінде «Тәуелділікке жол жоқ: интеллектіні қос» атты жастар интерактивті зияткерлік-тәжірибелік турнирі өтті.
Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған іс-шара нашақорлықтың, киберлаяқтықтың және АИТВ-инфекциясының алдын алуға, сондай-ақ жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Колледж студенттері интерактивті викторинаға қатысып, тақырыптық сұрақтарға жауап берді және тәжірибелік ситуациялық тапсырмаларды шешті.
Сараптамалық қазылар алқасының құрамына АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталығының маманы Оксана Симухина кірді.
Қатысушылар тақырыптық блоктың барлық сұрақтарына дұрыс жауап беріп, АИТВ-инфекциясының алдын алу саласындағы жақсы білімдерін көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша командалар грамоталармен марапатталды.







