"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

«Балдырған» клубында АИТВ алдын алу бойынша интерактив өтті

Previous Next

Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының мамандары «Балдырған» балалар клубында жасөспірімдерге арналған интерактивті-танымдық іс-шара өткізді.

Кездесу ойын түрінде өтті: қатысушылар вирустардың не екенін білді, АИТВ тақырыбын бөлек талдады, оның басқа аурулардан қалай ерекшеленетінін және оны неге толық емдеуге болмайтынын талқылады. Білімді бекіту үшін жасөспірімдер кроссвордтар шешіп, тақырыптық викториналарға қатысты. Интерактивті формат жасөспірімдерге ақпаратты жақсы сіңіруге және маңызды тақырыптарды ашық талқылауға көмектеседі.

Іс-шара клубтың педагог — ұйымдастырушысы-Гүлмира Бейсенбайқызы Исмагулованың қатысуымен ұйымдастырылды.

«Біз осындай кездесулерді тұрақты түрде өткіземіз және ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз», – деп атап өтті Орталық маманы Оксана Симухина. - Жасөспірімдер клубтарымен бірлескен профилактикалық жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және жастардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады»

Іс-шараны қамту 25 адамды құрады.

Жасөспірімдер клубтарында профилактикалық жұмыс жалғасады.

Записаться на прием