2024 жылғы 12 шілдеде АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталығының маманы көп бейінді облыстық аурухананың медициналық қызметкерлеріне консультациялық көмек көрсету шеңберінде семинар өткізді.
Эпидемиолог дәрігер Алиппаева Айдана Оронбайқызы АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша нормативтік-құқықтық актілерге баса назар аударды. Сондай-ақ, жедел тестілеуді өткізу қағидалары, төтенше жағдай туындаған жағдайда медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттері бойынша мәселелер қамтылды.
Шара соңында өзекті мәселелер талқыланды.
Жаңалықтар
Көп бейінді облыстық ауруханада медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді
Қаралды: 399