Іс-шара барысында партия өкілдері «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды тұжырымдамасын ұсынды, қатысушыларды партиялық бағдарламаның негізгі бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ ұсынылып отырған бастамалар туралы айтып берді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Орталық қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өзекті қоғамдық маңызы бар тақырыптарды талқылай алды.







