Халықаралық балаларды қорғау күнінде Петропавлдың бас алаңында «Айболиттың қабылдауы» интерактивті алаңы ұйымдастырылды. Жастар денсаулық орталығы, АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығы, Жастар ресурстық орталығының және медицина колледжінің мамандары қала тұрғындары мен қонақтары үшін ақпараттық-түсіндіру акциясын өткізді.
Іс-шара барысында 500-ден астам адам мамандардан кеңес алды. Жастар мен жасөспірімдерге ақпараттық кітапшалар таратылды. Мерекенің кішкентай қатысушылары тәтті сыйлықтар алды.







