Ағымдағы жылдың 14 қазанында облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөіндегі орталығында медицина қызметкерлеріне тұмауға қарсы жоспарлы маусымдық вакцинация жүргізілді.
Бұл бастама қызметкерлердің денсаулығын қорғауға, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Орталықтың барлық бөлімшелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Уақытылы иммундау денсаулық үшін басымдық болып табылады. Вакцинация аурудың ауруханаішілік таралу қаупін азайтуға және сенімді табын иммунитетін құруға мүмкіндік береді.
«Біздің қызметкерлеріміздің денсаулығы-пациенттеріміздің қауіпсіздігінің кепілі. Вакцинациядан өтіп, медицина қызметкері өзін ғана емес, бізге көмекке келгендерді, әсіресе иммунитеті әлсіреген азаматтардың осал топтарын қорғайды», - деп атап өтті АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі ОО директоры М.Ш. Байғұлов.







