"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

АИТВ ЖӘНЕ БАҚ: АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ ДИАЛОГ

Previous Next

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы – QYZYLJAR және «Қазтелерадио» АҚ филиалында дөңгелек үстел форматында кездесулер өтті.

Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының мамандары дерматовенеролог-дәрігер Әсия Шәріпова мен Оксана Симухина АИТВ-ның алдын алу, берілу жолдары мен қорғау шаралары туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының АИТВ-инфекциясы тақырыбын жариялаудағы рөліне ерекше назар аударылды. Қатысушылар орталық мамандарының БАҚ-пен өзара іс-қимылын, ақпараттарды дұрыс берудің және халықтың АИТВ-ның алдын алу туралы хабардарлығын арттырудың маңыздылығын талқылады. Сондай-ақ, кездесулерде полиция капитаны, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Милена Балацкая құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік мәселелері туралы тақырыпта сөз сөйледі.

Қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылды. Кездесулер ашық диалог форматында өтті, онда қатысушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.

Записаться на прием