Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының маманы қазылар алқасының мүшесі ретінде "Таңдау өзіңде" викторинасына қатысты.
Петропавлда "Заң және тәртіп" республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған нашақорлықтың алдын алу бойынша "Таңдау өзіңде” викторинасы өтті.
Зияткерлік шараға үш команда қатысты:
- №10 ОМ,
- Қызмет көрсету колледжі,
- Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы.
Қатысушылар нашақорлықтың алдын алуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жауапты таңдауға арналған сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында біздің орталықтың маманы Оксана Симухина қатысушыларға АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша викторина өткізді.
Заттарды қолданудан бас тарту және салауатты өмір салтын ұстану АИТВ-инфекциясының алдын алудың маңызды факторлары болып табылады.







