Ағымдағы жылдың 14 қараша күні облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы орталығының мамандары Айыртау АА медицина қызметкерлеріне консультациялық көмек көрсету үшін барды.
Осы сапар аясында инфекционист-дәрігер М.М. Шамұрат АИТВ-позитивті әйелді тексеріп, кейін Д-есепке алды.
Орталықтың зертхана меңгерушісі Дигтяр Ю.Ю. перзентхана бөлімшесінің медициналық қызметкерлеріне: жүкті әйелдерде АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу жүргізу, талдауды интерпретациялаумен; капеллярлық қанның құрғақ тамшысын алу, биоматериалды провирустық ДНҚ сақтау және жеткізу және АИТВ зерттеудің аналитикалық кезеңінің сапасын қамтамасыз ету бойынша тренинг өткізді.
Аудандық аурухананың медицина қызметкерлеріне арналған семинарда дәрігер-эпидемиолог Р.К. Есеркенова, АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді орындауға, сондай-ақ, стигма мен АИТВ өмір сүретін адамдарды кемсітушілікке жол бермеу бойынша өзекті тақырыпқа баса назар аударды.
Жаңалықтар
Консультативтік көмекпен шығу
Қаралды: 11