"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

Жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігі – басты назарда

Previous Next

Петропавлда АИТВ-инфекциясының алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігі мәселелері бойынша семинар өтті

2026 жылғы 4 қарашада Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық ғылыми кітапханасында АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алуға, жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыруға, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және балалары бар отбасыларда қолайсыздық белгілерін ерте анықтауға арналған семинар өтті.

Іс-шараны Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталық және Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Семинар білім беру ұйымдарында 2026-2027 оқу жылына арналған бірлескен іс-шаралардың кешенді жоспары аясында өтті.

Спикерлер ретінде Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталықтың дерматовенеролог дәрігері Әсия Шәріпова және орталық маманы Оксана Симухина, сондай-ақ білім беру, құқық қорғау органдарының, жастар ұйымдарының өкілдері және психологиялық қолдау және дене тәрбиесі саласындағы мамандар сөз сөйледі.

Іс-шараға білім бөлімдерінің басшылары, аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері және Петропавл қаласы мектептері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты. Барлығы 50-ден астам адам болды.

Семинар барысында мамандар жасөспірімдер арасында АИТВ-инфекциясы мен ЖЖБИ алдын алу мәселелерін қарастырды, Білім беру ұйымдарының денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастырудағы рөлін, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және өмірлік қиын жағдайдағы балаларды уақтылы анықтау шараларын талқылады.

Оқушылар арасында ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және бірлескен профилактикалық жұмысты үйлестіруге ерекше назар аударылды.

«Осындай іс-шараларды өткізу педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, түрлі ведомстволардың мамандары арасында тәжірибе алмасуға және өскелең ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға кешенді көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді», – деп  атап өтті Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталықтың дерматовенеролог дәрігері Әсия Шәріпова.

Записаться на прием