"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

Өзекті тақырыптарға

Өзекті тақырыптарға

Петропавл қаласының № 6 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары үшін директордың міндетін атқарушы Мамадияр Байғұловтың жетекшілігімен АИТВ-инфекциясының профилактикасы жөніндегі ОО мамандары профилактикалық кездесу ұйымдастырды, онда балаларға 1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында өткізілетін Дүниежүзілік науқан туралы айтылды.

Іс-шарада сөз сөйледі:

* Облыстық АИТВ-инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталықтың маманы Оксана Симухина;

* Жастар денсаулық орталығы басшысының міндетін атқарушы, дәрігер-педиатр Гүлнұр Бекебаева;

* Жастар денсаулық орталығының дәрігер-гинекологы Нұрлыайна Тілеуқұл;

* Петропавл қаласы ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Дархан Смағұлов.

Мамандар балалармен ЖЖБИ алдын алу, АИТВ-ның таралу ерекшеліктері, ерте жүктілік қаупі, өрт қауіпсіздігі мәселелері сияқты өзекті тақырыптарды талқылады. Сонымен қатар оқушыларға Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу мүмкіндіктері туралы айтылды.

Іс-шараға 120-ға жуық оқушы қатысты. Бірлескен алдын алу жұмысы жалғасатын болады.21434545.jpeg334654564.jpeg

Записаться на прием