Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының қызметкерлері «Сұлтан-Элеватор-Ұн-Макарон Кешені» АҚ жұмыскерлеріне арналған акция өткізді.
Орталық маманы Оксана Симухина кездесуге қатысушыларды АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен оның алдын алу шаралары туралы ақпараттандырды.
Кәсіпорын жұмыскерлері үшін Орталықтың эпидемиологиялық бөлімі АИТВ-ға тестілеу ұйымдастырды. Оны мейіргер Сергей Богаченко мен мейірбике Кайнетова Мадина жүргізді. Жұмыс орнында тексерілу мүмкіндігін 85 адам пайдаланды.
Іс-шараға Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы да қатысты. Оның өкілдері салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Қатысушыларға ақпараттық буклеттер таратылды.







