"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

Жасөспірімдермен денсаулық туралы қалай сөйлесуге болады

 Жасөспірімдермен денсаулық туралы қалай сөйлесуге болады

Петропавлда педагогтар жасөспірімдермен денсаулық туралы қалай сөйлесу керектігін талқылап, оқушылар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу тәжірибесімен алмасты.

Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында «Мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар-жасөспірімдер орталығы» КММ педагог-ұйымдастырушылары мен әдіскерлеріне арналған семинар өтті. Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған Дүниежүзілік науқан аясында СҚО Білім басқармасының қолдауымен АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі ОО директоры Мамадияр Байғұлов және Жастар ресурстық орталығының директоры Дамир Абдин жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Спикерлер арасында сөз сөйледі:

— Қарлығаш Акинова, АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталығының ЕАБ меңгерушісі;

— Оксана Симухина, АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталығының маманы;

— Дамир Абдин, Жастар ресурстық орталығының директоры;

— Сәния Жақан, Кекушинкай каратэ бойынша жаттықтырушы-нұсқаушы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа және Қазақстан чемпионы;

— Гүлнұр Бекебаева, Жастар денсаулық орталығы директорының м.а.;

— Наталья Качалкина, Психологиялық қолдау орталығының директоры;

— Анастасия Свиридова, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор;

— Зарина Попова, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі.

Спикерлер АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу тәсілдерін талқылады, жасөспірімдермен жұмыс істеу тәжірибесімен және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру әдістерімен бөлісті.

«Мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар-жасөспірімдер орталығы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға әрқашан қолдау көрсетеді және балалармен кең көлемді алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Басшылық пен педагогикалық ұжымға ынтымақтастық пен белсенді ұстаным үшін алғыс айтамыз», - деп атап өтті АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі ОО маманы Оксана Симухина.

Іс-шара 35 қатысушыны біріктірді.

 

 2345412.jpeg3334562.jpeg

Записаться на прием